«Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 705 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15646 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларында:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қару-жарақ пен әскери техниканың стенділерімен, макеттерімен, оқу құралдарымен және әскери мүлікпен жабдықталған оқу сыныптары;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: