«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті» (Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 қазандағы № 479 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 Қаулысымен күші жойылды

Алматы облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 29 қазан

№ 479 қаулысымен бекітілген

 

 

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны -қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.