Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 120 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 қазандағы
№328 қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 125 Қаулысымен күші жойылды
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.30.07. берілген өзгерістермен)
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдары - аудандар мен Орал қаласының «Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірмені алу қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.