«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 56 бұйрығы

«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 56 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Диссертациялық кеңестер - докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі - диссертациялық кеңес).

3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік 3 (үш) жылға құрады.

Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындары диссертациялық кеңестерді өз бетінше құрады. Құрылған күнінен бастап бір ай ішінде ЖОО-лар Комитетке құрылған диссертациялық кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыстар бойынша Комитеттің 2 (екі) теріс шешімі болған жағдайда, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі диссертациялық кеңесті жаңа құрамда бекітеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.