«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 тамыздағы № 365 бұйрығы (күші жойылды)

«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 тамыздағы № 365 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және үшжылдық кезеңге және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.»;

7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.