«Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 202 бұйрығы

 «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 202 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.

6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия - 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.