«Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 Қаулысы
(2015.14.08. берілген өзгерістермен)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 665 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 6), 7) тармақшаларына, 164-бабына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін тіркесін.
3. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 1197 қаулысымен бекітілген
«Петропавл қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Петропавл қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның аймағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Петропавл қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру жолымен (бөліну) ұйымдастырылды.