«Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 536 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) абсолюттік биіктік (altitude) - теңiздiң орташа деңгейiнен вертикаль бойынша нүктенiң немесе нүкте ретiнде қабылданған объектiнiң деңгейiне дейiнгi қашықтық;
2) ӘК радиолокациялық векторлау (radar vectoring) - радиолокатордың деректерін пайдалану негізінде белгiлi бiр бағыттарды көрсету арқылы ӘК навигациялық дәлденуiн қамтамасыз ету;
3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (аerodrome control service) - әуеайлақтық қозғалыстарға диспетчерлiк қызмет көрсету;
4) әуеайлақтық қозғалыс (аerodrome traffic) - әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы ӘК және көлік құралдарының қозғалысы, сондай-ақ әуеайлақ ауданында барлық ӘК ұшулары;
5) әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органы (AFIS) - әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуге және авариялық хабар беруге арналған орган;
6) әуе қозғалысы (air traffic) - ұшуда және әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы әуе кемесінің қозғалысы;