2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама (Ташкент қ., 2017 жылғы 3 қарашада)

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған

елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

хаттама

(Ташкент қ., 2017 жылғы 3 қарашада)

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1. Ереженің 9-бөлімімынадай редакцияда жазылсын:

«9-бөлім. Еркін сауда режимін ұсынбау үшін негіздер

9.1 Әкелуші елдің кеден органы тауарларды шығару кезінде мынадай жағдайларда:

осы Ереженің 5.1-тармағының талаптары орындалмаса;

осы Ереженің 6.1-тармағының үшінші абзацында, сондай-ақ 6.2-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларда кеден органының талабы бойынша СТ-1 нысанындағы сертификаттың түпнұсқасы берілмесе;

СТ-1 нысанындағы берілген сертификат осы Ереженің 7, 8-бөлімдерінің талаптары бұзыла отырып толтырылса;

тауардың шығарылуы туралы декларацияның мәтіні осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын 5-қосымшада жазылған мәтінге сәйкес келмесе;

тауардың шығарылуы туралы берілген құжатта мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін өшірулер және/немесе түзетулер болса;

СТ-1 нысанындағы берілген сертификатта осы Ережеге сәйкес куәландырылмаған түзетулер немесе толықтырулар болса;

СТ-1 нысанындағы сертификатта қойылған мөрлердің бедері және/немесе уәкілетті тұлғалардың қолтаңбалары, және/немесе уәкілетті органның мекенжайы, және/немесе СТ-нысанындағы берілген сертификаттың бланкісі Келісімге қатысушы мемлекет әкелуші елдің кеден органдарына жеткізген ақпаратқа және/немесе үлгілерге сәйкес келмесе;

тауардың шығарылуы туралы құжатта көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер кедендік декларациялау кезінде берілгендерге қатысты тауарды біржола бірдейлендіруді жүргізуге мүмкіндік бермесе немесе оларға сәйкес келмесе, еркін сауда режимін ұсынбайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.