(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ Қ...

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 Нормативтік қаулысы

(2011.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қылмыстың қайталануы және осыған байланысты құқықтық салдарларды анықтайтын қылмыстық заңдарды дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті:

1. Үкімде көрсетілген қылмыстың ауырлығына және жаза түріне қарамастан, бұрын жасаған қасақана қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыстар жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 13-бабына сәйкес, қылмыстардың қайталануы, сонымен қатар қауіпті және аса қауіпті болып бөлінеді. Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша айыптау үкімін шығару кезінде сот қылмыстың қайталануының қандай түрінің бар екенін анықтайды.

2. Сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануын анықтап, ол бойынша тиісті шешім қабылдау соттың құқығы емес міндеті болып табылады. Сондықтан заңда көзделген негіздер бар барлық жағдайларда, сот үкімнің сипаттамалы-дәлелдемелі бөлігінде алынбаған және жойылмаған соттылықтарды, бұрынғы және жаңадан жасалған қылмыстардың ауырлығын көрсете отырып тиісті негіздерді келтіруі және ҚК 13-бабының тиісті бөлігі мен тармағына сілтеме жасап, қылмыстың қайталануының қандай түрінің анықталғаны туралы шешімді үкімнің қарар бөлігінде көрсетуі тиіс.

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.