«Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 6 қазандағы № 24/158 шешімі

Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 6 қазандағы № 24/158 шешімі

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Айқындалсын:

1) Ақтау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - қарыз сомасынан 10 пайыз, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.