«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 450 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Халықаралық коммерциялық тасымалдау құқығын беретін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі - ИКАО) тіркеледі.