«Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 358 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:
ШТ – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф;
I2015 – 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен болған инвестицияларды қоспағанда) нақты жиынтық көлемі, мың. теңге (мың. теңге);
n – 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;
i – бірден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;