Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 528 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов бекіткен 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 20-3/07-727 (2,5-т) Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалануы жүйесін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жоспарының (жол картасы) 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев):
1) 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 2021 жылғы 30 құркүйекті қоса алғандағы кезеңде алкоголь өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолдау үшін жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы қортындыны 2021 жылғы 20 қазанға дейінгі мерзімде ұсынуды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің әдістемелік ұсынымдары;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізудің жоспар-кестесі бекітілсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Бірінші қаржы вице-министрі | Б. Шолпанқұлов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы бірінші вице-министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы № 528
бұйрығына 1-қосымша
Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің
әдістемелік ұсынымдары
1. Жалпы ережелер