«Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11904 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;