ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы
(2018.19.02. берілген өзгерістермен)
Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.