Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 5 қарашадағы
№ 605 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2022.13.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Азаматтарды (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары(бұдан әрі - қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен беріледі.
ҚР Қорғаныс министрінің 2021.12.08. № 527 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі