«Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 338 «2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 71 шешімі

Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 338 «2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 71 шешімі

 

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шалқар аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 338 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 7615917,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 3974619,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 22559,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 3618739,8 мың теңге;

2) шығындар - 7726419,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттер - -64731,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 10350,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 75081,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -45770,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 45770,4 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 10350,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 75081,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 110501,4 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:

«4-1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік мекемелердің функциялары өзгеруіне байланысты республикалық бюджеттің шығындарын өтеуге 2154,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделсін.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2023 жылға арналған аудандық бюджетте Кішіқұм ауылдық округі бюджетінен аудандық бюджетке 3000,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар көзделсін.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.