«Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 11 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 11 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) қаржылық шарттар - белгіленген мөлшерлемені, біржолғы кіру жарнасын (егер қолданылса) және/немесе алаңдарды пайдаланудан алынған табысқа негізделген ауыспалы мөлшерлемені қоса алғанда, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өздігімен айқындайтын алаңды пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыға төленетін сыйақы. Сыйақы төлеу мөлшері, шарттары мен тәртібі конкурстық құжаттамада белгіленеді;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мыналар конкурстың мәні болып табылады:

қоғамдық тамақтану объектілеріне, азық-түлік өнімдерін сатудың және багажды ораудың автоматтандырылған құрылғыларына арналған әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының 1 (бір) шаршы метрден басталатын алаңдары;

қоғамдық тамақтану объектілеріне және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларына арналмаған әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының 15 (он бес) шаршы метрден басталатын алаңдары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.