«Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығы

Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығы

 

Өзгерістер енгізу туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 111-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 496-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33860 болып тіркелген);

2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 221-НҚ бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 34467 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.