(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІСІНІҢ ОРТАҚ МҮЛКІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНД...

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-23) тармақшаларына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 29 сәуірдегі

№ 246 бұйрығымен бекітілген

 

 

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу

тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.