«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 83 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 83 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

«4-4) осы бұйрыққа 4-4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті туралы ереже;»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.