«Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 13/81-VII шешімі

«Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 13/81-VII шешімі

 

Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 55 339 924,0 мың теңге:

салықтық түсімдер - 26 255 978,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 237 134,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 414 958,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 25 431 853,4 мың теңге;

2) шығындар - 61 391 810,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - -146 039,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 35 004,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 181 043,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 588 570,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 588 570,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 494 417,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 494 417,6 мың теңге:

қарыздар түсімі - 8 150 346,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 3 951 454,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 295 525,7 мың теңге.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві - 586 534,6 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Семей қаласының мәслихаты

2021 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 13/81-VII шешiмге қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.