ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.14.10. № 264-НҚ бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 216 бұйрыққа 4-қосымша
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2026.19.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.09.04. № 104-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.09.04. № 104-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2026.30.09. № 323-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) гидротехникалық құрылысжайлар (бұдан әрі - ГТҚ) - су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);