«Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 312 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 50 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 23-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің тізілімінде № 14040 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: