Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 43/10 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/8 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешіміне (2018 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесіндегі «4-2)» сандары «4-3)» сандарымен ауыстырылсын;
аталған шешіммен бекітілген Қағидалар осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
2020 жылғы 9 маусымдағы
№ 43/10 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 17/4 шешімімен
бекітілген