«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 240 бұйрығы

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 240 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. ТжКБ-ның мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.

ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:

білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:

1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін, жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;

2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;

4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.

орта буын мамандары деңгейі үшін:

1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін, жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;

2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

3) кәсіптік практикадан өтуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.