«2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 22/180 шешімі (2023.11.12. берілген өзгерістермен)

2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 22/180 шешімі

(2023.11.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023.15.05. № 2/15 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.10. № 7/42 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 8/49 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)кірістер - 514 387,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 69 970,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 317,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 54,9 теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 443 989,9 мың теңге;

2)шығындар - 514 694,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -307,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 307,6 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 307,6 мың теңге.

2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.