Жамбыл облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жамбыл облысы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 29-3 шешімі
(2026.13.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына, 87-бабына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жамбыл облысы мәслихатының 2026.13.01. № 30-2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жамбыл облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті осы шешімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 650 237 662 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 31 155 691 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 13 794 838 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 000 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 8 472 237 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 596 808 896 мың теңге;
2) шығындар - 651 610 401 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -16 047 625 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 15 005 100 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31 052 725 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 14 674 892 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 14 674 892 мың теңге.
2. Аудандық бюджеттен және облыстық маңызы бар қала бюджеттерінен облыстық бюджетке 2026 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 43 554 054 мың теңге, оның ішінде:
Байзақ ауданынан - 759 783 мың теңге;
Жамбыл ауданынан - 338 884 мың теңге;
Қордай ауданынан - 5 182 317 мың теңге;
Меркі ауданынан - 983 167 мың теңге;
Мойынқұм ауданынан - 1 424 663 мың теңге;
Сарысу ауданынан - 718 102 мың теңге;