(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ...2013....

Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. «Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департамент (А.В. Мартыненко):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:

1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын.

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.