(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫ Т...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1362 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын моральдық көтермелеу шарасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғысын (бұдан әрі - Алғыс) жариялау үшін мыналар:

1) Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы және тиімді қызметі;

2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындауы, мүлтіксіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған айрықша маңызды және күрделі тапсырмаларын орындауы;

4) Қазақстанмен достық қатынастарды дамытудағы зор үлесі;

5) Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуі негіз болып табылады.

3. Алғыстың ресми мәтіні:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды;

3) оны Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген басқа да лауазымды адамдар тапсырады.

4. Алғыс:

1) азаматтың еңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне (қызметтік тізіміне), әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына енгізіледі;

2) Премьер-Министр Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінде тіркеледі.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі