«Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 550/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 1438/2 Қаулысы

Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 550/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 1438/2 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы № 550/2 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтик құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсындаорналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.