Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 343/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16756 болып тіркелді) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
тақырып төмендегі редакцияда жазылсын:
«Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
кіріспе төмендегі редакцияда жазылсын:
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.».
Осы бұйрықпен бекітілген Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.