«Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 430 Қаулысы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 430 Қаулысы

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;»;

көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі»;

1-тармақта:

бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.