ұлттық валютамен біреуден аспайтын жинақ шотын ашуға құқылы.
Уəкілетті компания осы баптың 6-тармағының талаптарын одан əрі сақтаған жағдайда, уəкілетті компанияның осы тармақта көрсетілген шоттары арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға жол беріледі.
Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде уəкілетті компания рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі «B+»-тен төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасымен ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде ең азы қолданылады.
2. Уәкілетті компанияның банктік шотынан ақшаны пайдалану банктік шот шартының талаптарына сәйкес, инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыс актісі негізінде осы баптың 8-тармағына сәйкес қаржыландыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті компанияның ақшасын, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақшаны, қарыз қаражатын (болған жағдайда) орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
Құрылыс процесінде құны жобалау-сметалық құжаттамада белгіленгеннен жоғары құрылыс материалдарын сатып алу қажет болған жағдайда, уəкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей, қаражатты мынадай тəртіппен:
1) осы Заңның талаптарына сəйкес енгізілген меншікті ақшасын;
2) көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде əрбір үлескерден түсетін түсімдер бөлінісіндегі үлестердің ақысын төлеуге алынған ақшаны;
3) көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында берілген қарыз қаражатын (бар болса) пайдалануына жол беріледі.
Осы Заңның талаптарына сəйкес енгізілген меншікті ақшасы болған жағдайда, уəкілетті компанияның үлескерлер ақшасын пайдалануына тыйым салынады.
Уəкілетті компания материалдардың құнын растау үшін уəкілетті компания мен құрылыс салушы бекіткен жəне авторлық жəне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инжинирингтік компаниялар келіскен құнның өзгерістері туралы тиісті құжаттаманы Бірыңғай операторға ұсынады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақшаны орналастыру және пайдалану және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен жүзеге асырылған кезде банктік шот уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті төлеуге алынған ақшасын орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақша;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақша, оның ішінде әрбір үлескерден түскен түсімдер бөлінісінде;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында ұсынылған қарыз қаражаты (болған жағдайда) бөлінісінде банктік шот бойынша ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарт үлескердің ақшасын көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді төлеу есебіне аудару үшін негіз болып табылады.
8. Уәкілетті компанияның ақшаны мақсатына қарай жұмсауды сақтауы оларды:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға арналған шығындарға, авторлық және техникалық қадағалауларға;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) банктік шоттар бойынша комиссияны және банктік қарызға қызмет көрсету бойынша сыйақыны төлеуге, сондай-ақ жобалық құнын шегере отырып, көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу бойынша ақысы төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық сомасынан және уәкілетті компанияның банктік шотындағы ақшаның нақты қалдығынан аспайтын соманы аудару арқылы банктік қарыз бойынша негізгі борыштың бір бөлігін өтеуге;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) осы Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес аванстарды төлеуге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысымен және жобаны іске асырумен байланысты өзге де шығыстарына, жобалық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде, оның ішінде жарнама бойынша шығыстарға, басқарушылық персоналды ұстау бойынша шығыстарға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникациялық қызметтерге, офисті жалдауға байланысты шығындарға, сапаны бақылау жөніндегі техникалық паспорттарды дайындау, зертханалық сынақтар бойынша шығыстарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары төлемдеріне пайдалануымен қамтамасыз етіледі.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті компания мен оның мердігерінің (бас мердігерінің) арасындағы көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылданғанға дейінгі ақшалай өзара есеп айырысулар тек банктік шот арқылы ғана жүзеге асырылады.
10. Үлескерлер ақшасының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, инжинирингік компания үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай операторды, жергілікті атқарушы органды немесе екінші деңгейдегі банкті (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) хабардар етеді.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Уәкілетті компанияның банктік шотта орналастырылған ақшасы салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданғанға дейін, ал Бірыңғай оператордың кепілдігі алынған және одан әрі кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда - көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы аяқталған соң Бірыңғай оператордың шығындары толық өтелгенге дейін құрылыс салушының немесе уәкілетті компанияның осы Заңда көзделмеген үшінші тұлғалармен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелерінің нысанасы бола алмайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар қызметінің ерекшеліктері
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингік компания, аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар қызметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Инжинирингтік компания құрылыс барысына және үлескерлер ақшасының мақсатына қарай пайдалануына мониторингті, жобалау құны шеңберінде орындалған жұмыс көлемін тексеруді жүзеге асырады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Инжинирингтік компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ Бірыңғай операторға немесе екінші деңгейдегі банкке (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы ай сайын ұсынуға міндетті.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Инжинирингтік компанияның басшылары, аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар құрылыс жобасы бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Бірыңғай оператордың, құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, осы құрылыс жобасы мердігерінің (бас мердігерінің) басшыларына қатысты үлестес болмауға тиіс.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Инжинирингтік компанияның басшылары мен аттестатталған сарапшылар, аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, құпиялылықты, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтауға міндетті.
1) егер аттестатталған сарапшы осы құрылыс жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қатысқан болса, инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) үлескерлерді қоспағанда, соңғы үш жыл ішінде құрылыс салушымен, уәкілетті компаниямен, Бірыңғай оператормен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың өзге де қатысушыларымен еңбек қатынастарында, қаржылық немесе өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
7. Инжинирингтік компания мынадай талаптарға сәйкес болуға міндетті:
1) тапсырыс берушілердің көрсетілген инжинирингтік қызметтер туралы кемінде үш пікірін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесі болуы тиіс;
2) өз құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құқығы бар кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы тиіс;
3) штатында ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін маман (мамандар) болуы тиіс.
8. Инжинирингік компания тараптардың келісімімен айқындалатын міндеттемелерін орындау бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке, заңды тұлғаларға және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаларға (жай серіктестік, консорциум) танысу үшін мынадай:
1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның атауы мен заңды мекенжайы туралы;
2) мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын анықтаманың болуы туралы;
3) Бірыңғай оператормен жасасқан кепілдік беру туралы шарттың болуы және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Бірыңғай оператордан кепілдік алу тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда, оның негізгі шарттары туралы;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының болуы туралы;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) құрылыс салушы өткізген көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобалары туралы;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) құрылысы болжанатын көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы объектісі туралы;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті компанияның жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттың болуы туралы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі ақпаратты ұсынады.
2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуін және сипаттамасын;
3) оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді;
4) мердігердің (бас мердігердің) атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, өзі мердігер (бас мердігер) ретінде әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды.
3. Уәкілетті компания өзінің интернет-ресурсында:
1) объектінің атауы және оның орналасқан жері;
2) айына бір реттен сиретпей жаңартылатын фотоесеппен расталған құрылыс барысы;
3) құрылыстың аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді орналастырады.
4. Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы бапқа сәйкес берілуге жататын ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері
Пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үйлерді, немесе салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың үлестерін сату туралы жарнаманы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірін немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып қана таратуға және (немесе) орналастыруға жол беріледі. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Жарнама мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жарнама мазмұнының аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Бірыңғай оператор
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай оператордың қызмет түрлерінің бірі көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру болып табылады.
Бірыңғай оператор «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметпен және операциялармен қатар мына қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
ипотекалық қарыздарға (ипотекалық тұрғын үй қарыздарына), жалдау төлемдеріне, тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау жөніндегі жарналарға кепілдік беру;
көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарға (кредиттерге) кепілдік беру;
инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;
жылжымайтын мүлік объектілерін, оның ішінде кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдау (жалға алу);
Бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде және жарғыда жүктелген қызмет.
2. Бірыңғай оператордың қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету кепілдік жарналар және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
25-бап. Бірыңғай оператордың міндеттері мен функциялары
1. Бірыңғай оператордың негізгі міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету;
2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
3) үлестік тұрғын үй құрылысының нарығын ынталандыру мақсатында жүзеге асырылатын өзге де міндеттер болып табылады.
2. Бірыңғай оператор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) құрылыс салушының және оның уәкілетті компаниясының Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі өтінімін қарайды;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кепілдік беру жағдайы басталған кезде көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтауға, пайдалануға қабылдауға және үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді беруге кепілдік береді;
3) инжинирингтік компанияның есептеріне талдау жүргізеді;
4) кепілдік жарналары есебінен кепілдік жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастырады және басқарады;
5) Бірыңғай оператордың құзыретіне жататын мәселелер бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға, мердігерге (бас мердігерге) құрылыс материалдарын сатып алудың ақпараттық жүйесінде құрылыс материалдарын (олар бар болса) сатып алуды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу үшін қажетті тауарлар мен жабдықты, оның ішінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың сатып алуын жүзеге асыруына мүмкіндік береді;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы және оның қолданылу практикасы бойынша консультация беру үшін үлескерлерді қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) осы Заңда айқындалған міндеттерді орындау үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
26-бап. Бірыңғай оператордың құқықтары мен міндеттері
1) объектіге келудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті компанияны алдын ала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңнамасы талаптарын сақтап, құрылыс объектісінің аумағына кедергісіз кіруге;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) құрылыс салушыдан, уәкілетті компаниядан көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы бойынша, оның ішінде құрылыс барысы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарттар туралы кез келген ақпаратты және осы Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты сұратуға;
3) жобалау-сметалық құжаттамадағы өзгерістерді келісуге;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құрылыс салушыға - борышкерге қатысты уақытша басқарушы функцияларын жүзеге асыруға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) құрылысты аяқтау жөніндегі өз шығыстарын өтеу үшін көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі өткізілмеген үлестерді, сондай-ақ уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатуды ұйымдастыруға;
6) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында айқындалған негіздер бойынша кепілдік беру туралы шартты жасасудан бас тартуға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) кепілдік беру жағдайы басталған кезде, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданғаннан кейін құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға Бірыңғай оператордың көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтауға жұмсалған шығыстарын өтеу туралы талап қоюға;
8) осы Заңда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Бірыңғай оператор:
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кепілдік беру жағдайы басталған кезде көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға;
2) өтінім оң нәтижемен қаралған кезде уәкілетті компаниямен және құрылыс салушымен кепілдік беру туралы шарт жасасуға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құрылыс барысын бақылауды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталуын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, осы Заңның 21-бабының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін инжинирингтік компаниямен шарт жасасуға, ал кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген кезде уәкілетті компания құрылысын бастаған (жүргізіп жатқан) объект бойынша уәкілетті компания мен инжинирингтік компания арасында жасалған шартқа үшжақты келісім жасауға;
4) кепілдік беру туралы шарттар тізілімін жүргізуге;
5) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның және инжинирингтік компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасының талаптарын бұзуы фактілері туралы бұзушылық анықталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға хабарлауға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инжинирингтік компанияның есептерін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;