2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік тілде және орыс тілінде кепілдік беру туралы шарттардың тізілімін ай сайын жариялап отыруға;
8) кепілдік беру процесін айқындайтын құжаттарды өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру кезеңінде сметалық құжаттамаға бағалау жүргізуге міндетті.
27-бап. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Бірыңғай операторға қойылатын талаптар
1. Бірыңғай оператор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген капиталдың жеткіліктілік нормативін сақтайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген норматив мәнінің нашарлау жағына қарай күтілетін өзгерісі және шекті мәніне жетуі кезінде Бірыңғай оператордың жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуға тиіс.
3. Бірыңғай оператор тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
4. Бірыңғай оператордың бағдарламалық-техникалық құралдары және негізгі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де жабдығы болады.
5. Бірыңғай оператор капитал жеткіліктілігінің нормативін есептеу үшін:
1) Бірыңғай оператордың меншікті капиталын;
2) тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерді (берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді) пайдаланады.
6. Капитал жеткіліктілігінің нормативі меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерге арақатынасы ретінде есептеледі.
7. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні кемінде 0,05 құрауы тиіс.
8. Капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеу үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады.
9. Бірыңғай оператор жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
29-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңда көзделген көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысын аяқтау бойынша кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті:
1) уәкілетті компаниялардың кепілдік жарналарының бір бөлігі;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысын аяқтау бойынша төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Бірыңғай оператор алған ақша;
3) Бірыңғай оператордың активтерін қаржылық құралдарға (депозиттер, бағалы қағаздар және басқалары) инвестициялаудан алынған инвестициялық кірістің бір бөлігі есебінен қалыптастырады.
2. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін орындаумен байланысты шығыстарды жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.
3. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және нысаналы мөлшеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты жеткіліксіз болған кезде Бірыңғай оператор жарғылық капитал қаражатын пайдалануға құқылы.
1. Кепілдік жарна бір мезгілде төленеді.
Кепілдік жарнасы уәкілетті орган бекіткен Кепілдік жарнасының мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
2. Уәкілетті компания кепілдік беру туралы шартқа сәйкес төлеген кепілдік жарнасы қайтаруға жатпайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кепілдік беру туралы шарттың қолданысы ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының он және одан көп пайызға ұлғаюына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде, сондай-ақ мыналарға:
1) құрылыс жобасының сыртқы инженерлік желілерді орнату құнына қымбаттауына;
2) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдары мен жұмыстардың жалпы қымбаттауына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде кепілдік жарнаның сомасы қайта қаралуға жатады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Кепілдік беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Бірыңғай оператор есеп айырысу күні кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдіктің өтіп кетпеген қолданылу мерзіміне пропорционалды түрде есептелетін шамаға тең кепілдік жарнаның бір бөлігін уәкілетті компанияға қайтарады.
Бұл ретте кепілдік беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт бұзылғаннан кейін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша енгізілген ақша үлескерлерге қайтарылғаннан кейін ғана бұзылуы мүмкін.
7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен жүзеге асыру үшін Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесі арқылы Бірыңғай операторға кепілдік беру туралы шартты жасасу туралы өтініммен жүгінеді. Өтінімді қарауды Бірыңғай оператор уәкілетті орган бекіткен және Бірыңғай оператордың интернет-ресурсында орналастырылған кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
2. 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай оператордың өтінімді қарауы мынадай:
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
2) кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезеңдерін көздейді.
2. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан уәжді бас тарту туралы шешімі ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелеріне негізделеді.
3. Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шартты жасасудан мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі бойынша бас тартуға міндетті:
1) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Бірыңғай оператормен осы баптың 5-тармағында көрсетілген шарттарды уақтылы жасаспауы;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өтінім беру күніне 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп мөлшерде өтелмеген берешегінің болуы;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның мүлкі мен міндеттемелеріне қатысты заңды күшіне енген сот шешімдерінің болуы;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасы бойынша құжаттарды тексеру нәтижелері;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) егер көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын жүзеге асыру кезінде құрылыс салушының, уәкілетті компанияның жобасы бойынша кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген күнге дейін соңғы үш жылда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын жариялаған болса;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7) кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдау Бірыңғай оператордың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, бір қарыз алушыға (қарыз алушылар тобына) ең жоғары тәуекел коэффициентін бұзуына алып келуі мүмкін болса;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес келмеуі.
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы жүгінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қаралатын өтінім бойынша ескертулер болған кезде Бірыңғай оператор ескертулерді жою үшін кемінде он жұмыс күні мерзімін бере отырып, тиісті құжаттарды пысықтауға жіберуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың ескертулерін іс жүзінде жойған, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шартты жасасу жөнінде шешім қабылдаған кезде үлестік тұрғын үй құрылысында инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт, уәкілетті компаниямен осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепілге қою шарты, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) кепілге қою шарты, уәкілетті компанияның құрылыс салушымен дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты кепілдік беру туралы шарт жасалғанға дейін жасалуға тиіс.
Бұл ретте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы, сондай-ақ мердігерлік шарты кепілдік беру туралы шарттың ажырамас бөліктері болып табылады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру құрылыс салушының және уәкілетті компанияның осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру жүргізілу тәртібі осы Заңда белгіленген қаржылық және заңдық бағалауды қамтиды.
1) қаржылық есептілікті талдауды, уәкілетті компанияның және құрылыс салушының қаржылық жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеуді;
2) жобаны қаржыландыру көздерін талдауды;
3) уәкілетті компанияның баға саясатының барабарлығын талдауды;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес аяқталмаған объектідегі орындалған жұмыстарды салыстыруды көздейді.
Актілер бойынша орындалған жұмыстарды объектіде іс жүзінде орындалған жұмыстармен салыстыру жұмыстардың орындалған көлемдерін өлшегеннен және инжинирингтік компания зертханалық зерттеулерсіз монтаждалған конструкцияларды ақаулықтардың бар-жоғы тұрғысынан зерттегеннен кейін жүргізіледі;
5) құрылысты аяқтау үшін қажетті жұмыстардың толықтығын бағалауды;
6) құрылыс бюджетінің (сметасының) негізділігін: құрылыстың көлемі мен құнын талдауды көздейді.
4. Заңдық бағалау және жоба бойынша құқықтық, беделдік тәуекелдердің болуын (болмауын) анықтау:
1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқық белгілейтін құжаттарын шолу;
2) корпоративтік басқару туралы құжаттарды, алқалы басқару органдарының шешімдерін және уәкілетті компанияның негізгі сенімхаттарын шолу;
3) уәкілетті компанияның осы Заңның 35-бабына сәйкес сенімгерлік басқаруға беруге болжанатын мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды талдау;
4) уәкілетті компанияның жарғылық капиталын қалыптастыру заңдылығын, қатысушылар (акционерлер) туралы мәліметтерді, уәкілетті компанияның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді талдау;
5) уәкілетті компания мен мердігердің (бас мердігердің) қажетті рұқсат беру құжаттарының болуы;
6) уәкілетті компанияның мердігермен (бас мердігермен) жасасқан құрылыс мердігерлік шартының негізгі ережелерін талдау;
7) мүліктік сипаттағы сот талқылауларының болуы немесе болмауы;
8) ресми танылған көздерден уәкілетті компания мен құрылыс салушы туралы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болуы (болмауы) туралы ақпаратты зерделеу арқылы жүргізіледі.
34-бап. Кепілдік беру туралы шарт
1. Кепілдік беру туралы шарт уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады және кепілдік жарна төленген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
2. Осы Заңның нормаларына сәйкес:
1) кепілдік объектісі - шарт нысанасы;
4) кепілдік беру жағдайы және кепілдік бойынша жауаптылық;
5) Бірыңғай оператордың міндеттемелерді орындау тәртібі;
6) Бірыңғай оператордың құқықтары мен міндеттері;
7) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқықтары мен міндеттері;
8) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның жауаптылығы кепілдік беру туралы шарттың міндетті талаптары болып табылады.
3. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады.
35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кепілдік беру туралы шарт бойынша құрылыс салушының, уәкілетті компанияның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Бірыңғай оператор уәкілетті компаниямен - аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепіл шартын, сондай-ақ құрылыс салушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартын жасасады.
Кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін тараптардың аяқталмаған құрылыс объектісі бар жер учаскесін қайта кепілге қоюға және (немесе) кепілден босатуға байланысты қандай да бір әрекеттер жасауына жол берілмейді.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Бірыңғай оператор құрылыс салушымен кейінге қалдыру шартымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартын жасасады. Мұндай сенімгерлік басқару шарты кепілдік беру жағдайы басталған жағдайда күшіне енеді.
Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде орталық депозитарий ашқан олардың меншік иесінің дербес шоты бойынша көрсетілуге жатады.
Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесінің дербес шотына сенімгерлік басқару туралы жазба енгізу туралы Бірыңғай оператордың бұйрығы және уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты негізінде орталық депозитарий жүргізеді.
3. Осы Заңның негізінде туындайтын кепіл шарттарынан шығатын қатынастарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңға сәйкес уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын мүлікке ауыртпалықтар салуға, құрылыс салушының және уәкілетті компанияның қызметі шеңберінде өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы Заңға сәйкес уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын мүлік құрылыс салушы дәрменсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес мүліктік массаға қосыла алмайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде және кепілдік беру туралы шарттың қолданысы аяқталғанға дейін:
уәкілетті компанияның мүлкіне ауыртпалық салуға және (немесе) оған өндіріп алуды қолдануға;
уәкілетті компанияның қызметі шеңберінде уәкілетті компанияның мүлкін немесе оның құнын үшінші тұлғаларға беруге;
уәкілетті компанияны мүлікпен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге жол берілмейді.
36-бап. Бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы жасалған шарт уәкілетті компанияның үлескерлермен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасуы және үлескерлердің ақшасын тартуға негіз болып табылады.
2. Инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Бірыңғай оператор осы Заңның 21-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес келетін инжинирингтік компаниямен шарт жасасады.
3. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай оператордың кепілдік беру жағдайының ықтимал басталуы туралы шешімі:
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысына мониторингтің;
2) инжинирингтік компанияның ай сайынғы және өзге де есептерінің;
3) уәкілетті компаниядан, уәкілетті органнан алынған ақпараттың;
4) үлескердің (үлескерлердің) жазбаша өтініштерінің нәтижелері бойынша қабылданады.
2. Кепілдік беру жағдайының ықтимал басталуы туралы ақпарат келіп түскен кезде Бірыңғай оператор:
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы ақпаратты ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тексеруді жүзеге асырады;
2) ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде құрылыс салушыға және уәкілетті компанияға көрсетілген ақпаратты түсіндіру туралы сұрау салу жібереді.
Құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың тиісті сұрау салуы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірмелер, қарсылықтар (бар болған жағдайда) береді.
3. Кепілдік беру жағдайының басталу фактісі анықталған жағдайда, Бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірін немесе бірнешеуін:
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін бұзушылық. Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі;
2) инжинирингтік компания көрсетілген фактіні анықтаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания, мердігер (бас мердігер) өтемеген ақшаны осы Заңның 20-бабының талаптарын бұза отырып пайдалануды;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құрылыс салушыны көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысымен байланысты емес қызметі бойынша «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп тануды кепілдік жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерін кепілдік беру жағдайы деп тану туралы оң шешім болған кезде Бірыңғай оператор шешім қабылданғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік беру жағдайының басталуы туралы хабарлайды. Хабарлау Бірыңғай оператордың интернет ресурсында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті хабарландыру мәтінін орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайының басталуы туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) уәкілетті органды, жергілікті атқарушы органды және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысушыларды кепілдік беру жағдайының басталғандығы туралы хабардар етеді;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қолданыстағы құрылыс мердігерлік шартын бұзу және басқа бас мердігермен шарт жасасу арқылы мердігерді (бас мердігерді) ауыстыру туралы шешім қабылдайды, оны уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Бірыңғай оператор таңдайды;
3) құрылыс салушыны және уәкілетті компанияны уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының күшіне енуі туралы хабардар етеді;
4) уәкілетті компанияның басшылығын ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда, екінші деңгейдегі банкті уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартына сәйкес, тағайындау туралы растайтын құжаттарды, сондай-ақ уәкілетті компанияның екінші деңгейдегі банктегі банктік шотын жүргізумен байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың қолдарының үлгілері бар құжаттарды, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді;
2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)