«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) кепілдік беру жағдайы басталған кезде көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өтінім оң нәтижемен қаралған кезде уәкілетті компаниямен және құрылыс салушымен кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасуға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) құрылыс барысын бақылауды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталуын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, осы Заңның 21-бабының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін инжинирингтік компаниямен шарт жасасуға, ал кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген кезде уәкілетті компания құрылысын бастаған (жүргізіп жатқан) объект бойынша уәкілетті компания мен инжинирингтік компания арасында жасалған шартқа үшжақты келісім жасауға;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) кепілдік беру туралы шарттар жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттар тізілімін жүргізуге;

5) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның және инжинирингтік компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасының талаптарын бұзуы фактілері туралы бұзушылық анықталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға хабарлауға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инжинирингтік компанияның есептерін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік тілде және орыс тілінде кепілдік беру туралы шарттардың жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттардың тізілімін ай сайын жариялап отыруға;

8) кепілдік беру процесін айқындайтын құжаттарды өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру кезеңінде сметалық құжаттамаға бағалау жүргізуге міндетті.

 

27-бап. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

28-бап. Бірыңғай операторға қойылатын талаптар

1. Бірыңғай оператор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттары үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген капиталдың жеткіліктілік нормативін сақтайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген норматив мәнінің нашарлау жағына қарай күтілетін өзгерісі және шекті мәніне жетуі кезінде Бірыңғай оператордың жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуға тиіс.

3. Бірыңғай оператор тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

4. Бірыңғай оператордың бағдарламалық-техникалық құралдары және негізгі қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де жабдығы болады.

5. Бірыңғай оператор капитал жеткіліктілігінің нормативін есептеу үшін:

1) Бірыңғай оператордың меншікті капиталын;

2) тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерді (берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді) пайдаланады.

6. Капитал жеткіліктілігінің нормативі меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелерге арақатынасы ретінде есептеледі.

7. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні кемінде 0,05 құрауы тиіс.

8. Капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеу үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады.

9. Бірыңғай оператор жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.

 

29-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңда көзделген көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысын аяқтау бойынша кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті:

1) уәкілетті компаниялардың кепілдік жарналарының бір бөлігі;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысын аяқтау бойынша төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Бірыңғай оператор алған ақша;

3) Бірыңғай оператордың активтерін қаржылық құралдарға (депозиттер, бағалы қағаздар және басқалары) инвестициялаудан алынған инвестициялық кірістің бір бөлігі есебінен қалыптастырады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарттар немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындаумен байланысты шығыстарды жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.

3. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және нысаналы мөлшеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

4. Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерв қаражаты жеткіліксіз болған кезде Бірыңғай оператор жарғылық капитал қаражатын пайдалануға құқылы.

 

30-бап. Кепілдік жарна

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кепілдік жарна бір мезгілде төленеді.

Кепілдік жарнасы уәкілетті орган бекіткен Кепілдік жарнасының мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде кепілдік жарна реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғанға дейін төленеді.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті компания кепілдік беру туралы шартқа немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа сәйкес төлеген кепілдік жарнасы қайтаруға жатпайды.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кепілдік беру туралы шарттың немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың қолданысы ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының он және одан көп пайызға ұлғаюына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде, сондай-ақ мыналарға:

1) құрылыс жобасының сыртқы инженерлік желілерді орнату құнына қымбаттауына;

2) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдары мен жұмыстардың жалпы қымбаттауына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде кепілдік жарнаның сомасы қайта қаралуға жатады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Бірыңғай оператор есеп айырысу күні кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдіктің өтіп кетпеген қолданылу мерзіміне пропорционалды түрде есептелетін шамаға тең кепілдік жарнаның бір бөлігін уәкілетті компанияға қайтарады.

Бұл ретте кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт бұзылғаннан кейін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша енгізілген ақша үлескерлерге қайтарылғаннан кейін немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес тараптардың келісімі бойынша үлестің құны өтелгеннен кейін ғана бұзылуы мүмкін.

 

 

7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 31-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жəне реновациялау шеңберіндегі шарттар жасасуға өтінім

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен жəне (немесе) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асыру үшін Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесі арқылы Бірыңғай операторға кепілдік беру туралы шартты немесе реновациялау шеңберіндегі шарттарды жасасу туралы өтініммен жүгінеді. Өтінімді қарауды Бірыңғай оператор уәкілетті орган бекіткен және Бірыңғай оператордың интернет-ресурсында орналастырылған кепілдік беру туралы шартты немесе реновациялау шеңберіндегі шарттарды жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.

2. 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

32-бап. Өтінімді қарау

1. Бірыңғай оператордың өтінімді қарауы мынадай:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кепілдік беру туралы шартты немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезеңдерін көздейді.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шартты немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасу не жасасудан уәжді бас тарту туралы шешімі ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелеріне негізделеді.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шартты немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасудан мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі бойынша бас тартуға міндетті:

1) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Бірыңғай оператормен осы баптың 5-тармағында көрсетілген шарттарды уақтылы жасаспауы;

3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өтінім беру күніне 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп мөлшерде өтелмеген берешегінің болуы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның мүлкі мен міндеттемелеріне қатысты заңды күшіне енген сот шешімдерінің болуы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасы бойынша құжаттарды тексеру нәтижелері;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) егер көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын жүзеге асыру кезінде құрылыс салушының, уәкілетті компанияның жобасы бойынша кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген күнге дейін соңғы үш жылда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын жариялаған болса;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдау Бірыңғай оператордың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, бір қарыз алушыға (қарыз алушылар тобына) ең жоғары тәуекел коэффициентін бұзуына алып келуі мүмкін болса;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес келмеуі;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт реновациялау туралы шарттың талаптарына сəйкес келмеген жағдайда;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10) құрылыс салушы, уəкілетті компания реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты оған Бірыңғай оператордың қосылуы үшін реновациялау туралы шарт жасалған кезден бастап үш ай ішінде ұсынбаған жағдайда.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Бірыңғай оператор реновациялау туралы шарт жасасудан осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша бас тартуға міндетті.

2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік беру туралы шарт, кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы жүгінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қаралатын өтінім бойынша ескертулер болған кезде Бірыңғай оператор ескертулерді жою үшін кемінде он жұмыс күні мерзімін бере отырып, тиісті құжаттарды пысықтауға жіберуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың ескертулерін іс жүзінде жойған, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шартты жасасу жөнінде шешім қабылдаған кезде үлестік тұрғын үй құрылысында инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт, уәкілетті компаниямен осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепілге қою шарты, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) кепілге қою шарты, уәкілетті компанияның құрылыс салушымен дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты кепілдік беру туралы шарт жасалғанға дейін жасалуға тиіс.

Бірыңғай оператор реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдаған кезде реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке кепіл белгілеу туралы шарт, уəкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) кепілге қою шарты, уəкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты құрылыс салушымен Бірыңғай оператордың реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасуымен бір мезгілде жасалуға тиіс.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы, сондай-ақ мердігерлік шарты кепілдік беру туралы шарттың жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың ажырамас бөліктері болып табылады.

 

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру құрылыс салушының және уәкілетті компанияның осы Заңның 8 жəне 8-1-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру жүргізілу тәртібі осы Заңда белгіленген қаржылық және заңдық бағалауды қамтиды.

3. Қаржылық бағалау:

1) қаржылық есептілікті талдауды, уәкілетті компанияның және құрылыс салушының қаржылық жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеуді;

2) жобаны қаржыландыру көздерін талдауды;

3) уәкілетті компанияның баға саясатының барабарлығын талдауды;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес аяқталмаған объектідегі орындалған жұмыстарды салыстыруды көздейді.

Актілер бойынша орындалған жұмыстарды объектіде іс жүзінде орындалған жұмыстармен салыстыру жұмыстардың орындалған көлемдерін өлшегеннен және инжинирингтік компания зертханалық зерттеулерсіз монтаждалған конструкцияларды ақаулықтардың бар-жоғы тұрғысынан зерттегеннен кейін жүргізіледі;

5) құрылысты аяқтау үшін қажетті жұмыстардың толықтығын бағалауды;

6) құрылыс бюджетінің (сметасының) негізділігін: құрылыстың көлемі мен құнын талдауды көздейді.

4. Заңдық бағалау және жоба бойынша құқықтық, беделдік тәуекелдердің болуын (болмауын) анықтау:

1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқық белгілейтін құжаттарын шолу;

2) корпоративтік басқару туралы құжаттарды, алқалы басқару органдарының шешімдерін және уәкілетті компанияның негізгі сенімхаттарын шолу;

3) уәкілетті компанияның осы Заңның 35-бабына сәйкес сенімгерлік басқаруға беруге болжанатын мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды талдау;

4) уәкілетті компанияның жарғылық капиталын қалыптастыру заңдылығын, қатысушылар (акционерлер) туралы мәліметтерді, уәкілетті компанияның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді талдау;

5) уәкілетті компания мен мердігердің (бас мердігердің) қажетті рұқсат беру құжаттарының болуы;

6) уәкілетті компанияның мердігермен (бас мердігермен) жасасқан құрылыс мердігерлік шартының негізгі ережелерін талдау;

7) мүліктік сипаттағы сот талқылауларының болуы немесе болмауы;

8) ресми танылған көздерден уәкілетті компания мен құрылыс салушы туралы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болуы (болмауы) туралы ақпаратты зерделеу арқылы жүргізіледі.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 34-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-бап. Кепілдік беру туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кепілдік беру туралы шарт уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады және кепілдік жарна төленген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

Реновациялау туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт уəкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша түрде жасалады. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт реновациялау объектісіне уəкілетті компанияның меншік құқығын беруі мемлекеттік тіркелген жəне оған Бірыңғай оператордың кепілі тіркелген кезден бастап күшіне енеді.

2. Осы Заңның нормаларына сәйкес:

1) кепілдік объектісі - шарт нысанасы;

2) кепілдік беру талаптары;

3) кепілдік жарна мөлшері;

4) кепілдік беру жағдайы және кепілдік бойынша жауаптылық;

5) Бірыңғай оператордың міндеттемелерді орындау тәртібі;

6) Бірыңғай оператордың құқықтары мен міндеттері;

7) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқықтары мен міндеттері;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның жауаптылығы кепілдік беру туралы шарттың жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың міндетті талаптары болып табылады.

3. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады.

 

35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кепілдік беру туралы шарт бойынша құрылыс салушының, уәкілетті компанияның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Бірыңғай оператор уәкілетті компаниямен - аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепіл шартын, сондай-ақ құрылыс салушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартын жасасады.

Кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін тараптардың аяқталмаған құрылыс объектісі бар жер учаскесін қайта кепілге қоюға және (немесе) кепілден босатуға байланысты қандай да бір әрекеттер жасауына жол берілмейді.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Бірыңғай оператор құрылыс салушымен кейінге қалдыру шартымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартын жасасады. Мұндай сенімгерлік басқару шарты кепілдік беру жағдайы басталған жағдайда күшіне енеді.

Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде орталық депозитарий ашқан олардың меншік иесінің дербес шоты бойынша көрсетілуге жатады.

Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесінің дербес шотына сенімгерлік басқару туралы жазба енгізу туралы Бірыңғай оператордың бұйрығы және уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты негізінде орталық депозитарий жүргізеді.