«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

5) уәкілетті компанияның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес уәкілетті компанияға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қаржыландыру беру арқылы Бірыңғай оператордың қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталуын қаржыландырады;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталу, оны пайдалануға қабылдау және үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерін беру барысына одан әрі мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

2. Бірыңғай оператордың шығындары уәкілетті компания қаражатының есебінен толық өтелген жағдайда уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының қолданысы осы Заңның талаптарына сәйкес тоқтатылады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражатын (шығындарын) өтеу үшін уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда оларды өтеу жөніндегі міндетті берешектің тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысымен олардың негізділігі расталғаннан кейін Бірыңғай оператордың алдындағы берешекті өтеу тәртібі туралы шартты жасасу арқылы субсидиарлық жауапкершілікпен құрылыс салушы көтереді.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген әрекеттер орындалғаннан кейін берешекті өтеу тәртібі туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражаттарын (шығындарын) өтеу үшін құрылыс салушының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құрылыс салушының банкроттығы рәсіміне бастамашылық жасайды.

5. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шартты тиісінше орындамағаны жөніндегі талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімдері қолданылмайды.

 

 

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

39-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысаны осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

40-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның қолданыс аясына жататын, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

Ашық кредиттік желі негізінде екінші деңгейдегі банктердің жүз пайыз қаржыландыруы арқылы көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға байланысты және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасымен реттеледі.

2. Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілмеген көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлестерге туындайтын олардың талап ету құқығына байланысты жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде ғана рұқсат етіледі.

 

41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап:

«Тұрғын үй құрылысына үлес тік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

     Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 7-і.

                 № 486-V