«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 882 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуді;»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өндірілетін өнімді, жұмысты және қызметті өндірістік бақылауды «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 62 бұйрық).
9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу № 62 бұйрықтың және «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) талаптарына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: