«Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 шешімі (2019.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 шешімі

(2019.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/67 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).

3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.