«Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 136 Қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 136 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін;

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

Д. Ахметов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Шығыс Қазақстан

облысы санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

2023 жылғы «___»_______________

Қазақстан Республикасы Экология

және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитеті Су ресурстарын

пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

Ертіс бассейндік инспекциясы

2023 жылғы «___»_______________

Қазақстан Республикасы Экология

және табиғи ресурстар министрлігі

Экологиялық реттеу және бақылау

комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша

экология департаменті

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.