«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі№ 219 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 219 қаулысымен

бекітілген

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсiмді (iс - қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті және Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауы болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс - қимылдың) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.