«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 95 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 131-1), 131-2), 131-3), 131-4) және 131-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«131-1) көлік саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
131-2) көлік құралдарының салмақ және габариттік параметрлері, көлік жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі, сондай-ақ рұқсат беру жүйесіне бақылауды қоса алғанда, автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқық қорғау органдарымен бірлескен бақылау, рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысу;