(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР ТАҢБАСЫНА КУӘЛІК БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТ...

Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Тауар таңбасын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.07.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Сараптама ұйымы);

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 9 (тоғыз) ай ішінде:

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электронды, қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.