(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ...

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 57 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 104-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

А. Альназарова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу

және дамыту агенттігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2024 жылғы 24 шілдедегі

№ 57 бұйрығына

қосымша

 

 

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың
№ _____ шарты

 

___________ қ. «__»

__________ 202__ж.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.