«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 101 Қаулысы (2023.10.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 101 Қаулысы

(2023.10.07. берілген өзгерістермен)

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 227 Қаулысымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

Д. Ахметов

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023.03.07. № 152 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2022 жылғы 29 сәуірдегі

№ 101 қаулысына

1 қосымша

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Аймақтың атауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

 

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.