Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2257 болып тіркелген «Iшкi iстер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөнiндегi жұмысы туралы» нұсқаулықты және «Iшкi iстер органдарында алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәрiнi, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстың тәртiбi туралы» ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының;