«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 692 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына:
4- тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, зейнетақы жарналары бойынша, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша бюджетке төлемдер бойынша, депонентермен - тоқсанына кемінде бір рет есеп айырысулар;»;
1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдың есебінде және есептілігінде көрсетілуі тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада жүргізілген түгендеу нәтижелері туралы деректер көрсетіледі.»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24 - қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;