«Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 Қаулысы (2024.18.11. берілген өзгерістермен)

Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 Қаулысы

(2024.18.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген), сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 19 шілдедегі

№ 236 қаулысына қосымша

 

 

Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің
қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.