«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 295 бұйрығы

«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 295 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2023 жылғы 4 тамыздағы

№ 295 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 5- тарауында, 109-бабының 1 және 4-тармақтарында, 121- бабының 14-тармағында және 278-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті органның рұқсат беруге арналған өтініштерді қарауы кезінде ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. Комиссияның міндеттері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.